Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ⚜️⚜️Бүгін мектебімізде түркі әлеміне ортақ тұлға, мажарстандық түркітанушы қайраткер, қазақ-венгр рухани байланысын нығайтқан көрнекті ғалым, этнограф Иштуан Қоңыр Мандоки атындағы мұражайының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
10
ақпан
2026

⚜️⚜️Бүгін мектебімізде түркі әлеміне ортақ тұлға, мажарстандық түркітанушы қайраткер, қазақ-венгр рухани байланысын нығайтқан көрнекті ғалым, этнограф Иштуан Қоңыр Мандоки атындағы мұражайының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

⚜️⚜️Бүгін мектебімізде түркі әлеміне ортақ тұлға, мажарстандық түркітанушы қайраткер, қазақ-венгр рухани байланысын нығайтқан көрнекті ғалым, этнограф Иштуан Қоңыр Мандоки атындағы мұражайының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

🔰Іс-шараға Венгрияның Алматы қаласындағы Бас консулдың орынбасары Чилла Барань ханым, вице-консул Петер Седеркени мырза, Қазақстанға танымал қоғам қайраткері, кәсіпкер және дипломат, Венгрияның Алматы қаласындағы Құрметті консулы Сәрсенов Жамболат мырза мен жұбайы Айсұлу ханым, сондай-ақ ҚР еңбек сіңірген қайраткері, тарихшы Сембі Марат мырза, филология ғылымдарының кандидаты филология ғылымдарының докторы Ерден Қажыбек мырза, педагог-ғалым, Қоңыртанушы Мәсәлім Ернар мырза, Элис Олегович мырза қатысты.

🔰Салтанатты жиында мектеп директоры Қаламқас Қалиқызы Алмасбаева қонақтарды қарсы алып, құттықтау сөз сөйлеп, мұражайдың жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, ғылым мен тарихқа қызығушылығын арттырудағы маңызын атап өтті.
🔰Мектебіміздің өнерлі оқушылары күмбірлеген күй ойнап, мың бұрала би билеп, жырдан шашу шашып өз өнерлерін көрсетті. Абайдың “Көзімнің қарасы” әні венгр тілінде орындалды.
🔰Мұражайдың ашылуына мектеп басшысы, ДОІЖО Изтілеуова С.А және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінен құрылған үлкен топ зор еңбек етті!

🔰Аталған мұражай Иштван Қоңыр Мандокидің ғылыми мұрасын дәріптеп, қазақ-венгр достығының символына айналмақ.💫💫

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: