Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «М. Әлімбаевтың 100 жылдығына» орай 3-4-сынып оқушылары арасында көркемсөз байқауы
04
сәуір
2024

«М. Әлімбаевтың 100 жылдығына» орай 3-4-сынып оқушылары арасында көркемсөз байқауы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша, мектебімізде 05.04 күні бастауыш сынып мұғалімдері Г.К.Аубакирова мен С.Р. Семсерова «М. Әлімбаевтың 100 жылдығына» орай 3-4-сынып оқушылары арасында көркемсөз байқауын ұйымдастырды.
Өткізілген іс-шара барысында Мұзафар Әлімбаевтың балаларға арналған шығармалары, олардың жазылу тарихымен таныстырылды. Ақынның өлеңдерін жатқа айтқыза отырып, мәнерлеп оқу машықтарын жетілдіру, мәнерлеп оқу үлгілері мен көркем, шешен сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге тәрбиелеу болды.
Байқауда М. Әлімбаевтың өлеңдерін өте жоғары деңгейде мәнерлеп оқыған 3 «А» сынып оқушылары Жақсылық Інжу мен Сейдрахым Айару 1-дәрежелі дипломмен, қалған оқушылар 2-3-дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

#біртұтас_тәрбие

https://instagram.com/p/C5cxhJMoCPi/ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: