Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 үздік қолөнер бұйымы» атты сыныпаралық байқауы
03
желтоқсан
2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 үздік қолөнер бұйымы» атты сыныпаралық байқауы

И.Қ.Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектепте 5-10 сыныптар арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 үздік қолөнер бұйымы» атты сыныпаралық байқау ұйымдастырылды.
  Мақсаты: Бабаларымыздан мұра болған қасиетті жеріміз, атадан мирас мирас болып қалған салтымыз бен өнерімізді дәріптеу.
Ең басты байлығымыз  қастерлі Тәуелсіздігімізге  биыл 30 жыл толып отыр. Бұл қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің ата-бабаларымыздың аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі,  қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды. Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады.
Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген, адамгершілік пен әдептілік, елін жерін сүйетін ұрпақ тәрбиелеуге терең мән берген.
Бұл құндылықтар, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, өнерінде жатыр. Ұйымдастырылған байқау құндылықтары дәріптеп ұлттық өнерге баулу мақсатында өткізілді. Қолөнер байқауында оқушылардың жұмыстары сараланып төмендегідей нәтижемен қортындыланды.
 І орын 
7 сынып Амирғазы Санжар
ІІ орын
5 сынып Марат Аяжан
ІІІ орын
6 сынып Зинал Жансая
 
#тәуелсіздікке30жыл

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: