13
қараша
2021
"Жүйрік болсаң озып көр" спорттық сайысы
2021 жылдың 13 қараша күні И.Қ.Мандоки атындағы 154 мектептің 3-сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған "Жүйрік болсаң озып көр" спорттық сайысы өткізілді. Сайыс 4-кезеңнен тұрды. Сайысқа 3-қазақ сыныптарынан "Тұлпар", "Қыран" орыс сыныптарынан "Звезда" топтары қатысты. Сайыстың әр кезеңін әділ-қазы алқалары бағалап, әділ шешім шығарды.
📍Сайыстың қорытындысы бойынша
🥇1-орынды "Тұлпар" тобы,
🥈2-орынды "Звезда " тобы,
🥉3-орынды "Қыран" тобы иеленді.
Сайысқа қолдау көрсетіп келген оқушылар мен ұстаздарға және сайысты ұйымдастырушы 3-сынып мұғалімдеріне алғыс білдіреміз! 💐👍💐



