06
маусым
2020
"Bizbirgemiz: ТҮЛЕК - 2020"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 25.05.2020ж №05-1-4/766 хатына сәйкес тұжырымдамасы негізінде Алатау ауданы И.Қ.Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектебі 03.06.2020ж мектеп бітіруші түлектерге соңғы қоңырау және жалпы орта білім беру аттестатын тапсыру салтанатын өткізді.
Іс-шара бекітілген санитарлық нормаларға сәйкес өткізілді. 2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша 20 мектеп бітіруші түлек аттестаттарын алды. Оның ішінде 1 алтын белгі, 1 ерекше үлгідегі аттестат иегерлері және жалпы орта білім беру аттестат иегерлері салтанатты шарада марапатталды.
2020 жылдың түлектері - тарихи сабақтастықтың түлектері. "Еріктілер жылына" орайластырылған шара, "Әлем ұстазы" атанған әл-Фараби бабамыздың 1150, хәкім Абайдың 175, Ұлы Жеңістің 75, ҚР Конституциясының 25 жылдық мерейтойларымен қатар сабақтастырылып, мектеп бітіруші түлектер тарихи сабақтастықтың шынайы куәгері атанды. Екіншіден, білім беру тарихымызда алғаш қашықтан оқыту кезеңінен де түлектеріміз сүрінбей өтіп, тарихи сәттің тағы да куәгері атанды.
Құрметті түлектер! Жолдарыңыз ашық, болашаққа басқан қадамдарыңыз анық, сапарларыңыз сәтті болсын!!! ТҮЛЕК-2020, біз әрдайым сіздермен біргеміз!


