"Жас биологтар" сайысы
Алатау ауданы жалпы білім беретін мектептер арасында ұйымдастырылған аудандық "Жас биологтар" сайысында әріптесіміз биология пәні мұғалімі Юсупова Меруерт Аманжолқызы бастаған мектептің дарынды оқушыларынан құрылған Жас биологтар командасы жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, бас жүлде иеленіп, қалалық сайысқа жолдама алды. Жарысқа қатысқан оқушыларымызға мектеп ұжымы атынан алғыс білдіреміз! Жеңісті күндер көп болсын!