2022жылдағы мектеп ұжымының алғашқы онлайн жиналысы » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №154»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Бухгалтерия
+7(727) 247-42-25
Версия для
слабовидящих
15
январь
2022

2022жылдағы мектеп ұжымының алғашқы онлайн жиналысы

                             2022жылдағы мектеп ұжымының алғашқы онлайн жиналысы

Бүгін, 15 январь Алатау ауданы И.Қ.Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектептің директоры Алмасбаева Каламкас Калиевна және мектеп әкімшілігі, мектеп педагогтарымен онлайн жиналыс ұйымдастырып, өткізді.
Жиналыста қарастырылған мәселелер:
1. Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 13.01.2022 жылғы №1 қаулысы негізінде Алматы қаласының мектептері қашықтықтан оқыту форматына көшуіне орай, педагогтардың сабақ беруге дайындық жұмыстары;
2. Мектепте үшінші оқу тоқсанының басталу мерзімінің 10 январь 2022 жылдан 17 январь 2022 жыл өзгеруіне байланысты "Kundelik.kz" электронды журнал белгіленген тәртіппен толтырылуы;
3. Оқу жоспарының бағдарламасы, оқу мақсаттары ағымдағы жылғы 17 январьдан бастап үшінші тоқсанға арналған ұзақ мерзімдік жоспарға сәйкес толық көлемде оқытылу мақсатында тақырыптар оқу мақсаттарына сәйкес біріктірілуі;
4. Сынып жетекшілер сыныптағы білім алушылардың қашықтықтан оқыту форматы барысында сабаққа қатысуын қадағалауы;
5. Сынып жетекшілердің білім алушылардың оқу-тәрбие жүйесі бойынша сынып ата-аналарымен тығыз байланыста жұмыс жасауы.
Онлайн жиналысты мектеп директоры Алмасбаева Каламкас Калиевна бастап, әріқарай мектеп әкімшілігі тарапынан мұғалімдерге қарастырылған мәселелерді жіті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: