"Кел, балалар, оқылық!" 20 минуттық оқу проект аясында 4-сынып оқушылар арасында мәтін оқу сайысы » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №154»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Бухгалтерия
+7(727) 247-42-25
Версия для
слабовидящих
19
октябрь
2021

"Кел, балалар, оқылық!" 20 минуттық оқу проект аясында 4-сынып оқушылар арасында мәтін оқу сайысы

"Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге" 

                                               Абай Құнанбаев

   2021 жылдың 19-ы октябрьы күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Ж.Мусабекова және бас кітапханашы Б.С.Кошкарбаеваның ұйымдастыруымен мектебімізде "Оқуға құштар мектеп" проект негізінде, қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің туғанына – 180 жылдығына орай "Кел, балалар, оқылық!" 20 минуттық оқу проект аясында 4-сынып оқушылар арасында І және ІІ ауысымда барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, мәтін оқу сайысын ұйымдастырып өткізді. 

   Сайыстың мақсаты: Ы.Алтынсариннің әңгімесін оқып, оқушы бойына адамгершілік, әдептілік ізгі қасиеттерді сіңіру. Мектеп оқушыларын көркем шығарма оқуға тарту. 

    Ұстаздар қауымынан әділ-қазы алқалар директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары С.А.изтлеуова, Е.К.Матайбаев, А.Б.Мырзакасымова және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.Т.Егиншиева, С.К.Нусупалиева, С.Т.Дайрабаева, Г.А.Кантарбаева, А.Б.Базарбаева, сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестік жетекшісі З.А.Толымбекова, 10 "Ә" сынып оқушысы Б.Жұмабеков және 10 "А" сынып оқушысы А.Айсалықов сайланды. Әр сыныптан 2 оқушыдан қатысты. Қатысқан оқушылар мәтінді мазмұндап, әділ-қазы алқалары қойған сұрақтарға жауап беріп  белсенділік танытты. Сайыс қорытындысы 20.10.2021ж. күні шығарылады. 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: