"Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубына онлайн қабылдау рәсімі
Қазіргі таңда Республикамыздағы мектеп оқушылары қашықтықтан білім алуда. Осы орайда, 2020 жылдың 9-октябрь күні мектебіміздің 1-11 сынып оқушыларын "Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубына онлайн қабылдау рәсімі өткізілді. Мақсаты: «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері: Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Алматы қаласы Адалдық алаңы жобалық кеңесінің менеджері Күнтубай Айдар Серікұлы және мектептің 2014 жылғы түлегі, Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің 7 курс дәрігер-интерні, «Алматы волонтер-медиктері» жастар қозғалысының төрағасы Солтанай Жәнібек қатысып, оқушыларымызға және де мектеп ұжымына ізгі тілектерін айтып, жақсы жұмыстар атқаруға сенім білдірді.