"Жұлдыздар" би ұжымы білім ордасының алтын қоржынын кезекті жетістіктерімен толықтырды » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №154»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Бухгалтерия
+7(727) 247-42-25
Версия для
слабовидящих
24
сентябрь
2020

"Жұлдыздар" би ұжымы білім ордасының алтын қоржынын кезекті жетістіктерімен толықтырды

Сентябрь айының 24-ші жұлдызында мектебіміздің "Жұлдыздар" би ұжымы білім ордасының алтын қоржынын кезекті жетістіктерімен толықтырды. "Жұлдыздар" би ұжымы Алматы қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен "Ақ шағала" қалалық хореография байқауынан ГРАН-ПРИ жүлдесін иеленді. Ұйымдастырушылар мектебіміздің директоры Алмасбаева Қаламқас Қалиқызына өскелең ұрпаққа білім берумен қатар, өнерпаз шәкірттерге тәрбиенің биік тұғырын бала бойына сіңіру жолына еңбек еткені үшін АЛҒЫС ХАТ жолдады.
"Жұлдыздар" би ұжымы мектебіміздің ең талантты оқушыларынан құралған. Әр түрлі деңгейдегі конкурстарға қатысып, әрдайым жеңістің туын желбіретіп, абыройымызды асқақтатып келеді. Оқушылардың талантын шыңдап, биік белестерді бағындыруына септігін тигізіп, болашағына тура жол нұсқап, хореографиялық өнердің қыр-сырын үйретіп жүрген жетекшілері Бахытбек Алиякпарович пен Ажар Утибаевнаға ерекше алғысымызды білдіреміз. Дарынды балаларды біріктіріп, керемет нәтиже көрсетіп жүргендеріңізге ризамыз.
Мектеп мақтаныштары, сендерге ақ жол! Жұлдыздарың жана берсін!

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: