29
маусым
2017
«Әуелгі байлық - денсаулық» ұстаздар арасында волейболдан және жалпы спорттық ойын түрлерінен жарыс
Қарашаның 2-сі күні дене шынықтыру пән мұғалімдері «Әуелгі байлық - денсаулық» ұстаздар арасында волейболдан және жалпы спорттық ойын түрлерінен жарыс өткізді. Жарыста математика, ағылшын, дене шынықтыру, бастауыш сынып бірлестіктері белсенділік танытты. Жарыс өте қызықты әрі тартысты өтті. Сондай-ақ, арқан тарту, бұқа тартыс, гир (16кг) осы ойын түрлерінің барлығынан дене шынықтыру бірлестігі бірінші орынды иеленіп, жетістікке жетті. Ал волейболдан дене шынықтыру бірлестігі тағы да гран-при иеленсе, бастауыш сынып бірлестігі бірінші орынды, математика бірлестігі екінші орынды, ағылшын бірлестігі үшінші орынды қанжығаларына байлады.