Зорлық зомбылықтың алдын-алу» семинар » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2474485
Есепші бөлімі:
+7(727) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
июнь
2017

Зорлық зомбылықтың алдын-алу» семинар

Аудандық жоспарға сәйкес аталмыш мектепте қараша айында 8-11 сыныптар арасында «Зорлық зомбылықтың алдын-алу» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға Алатау ауданы Білім бөлімінің бастығы Акмурзаева Қарлығаш Медербекқызы, Алатау ауданы Ішкі Істер Басқармасының полиция майоры Садвакасов Райымхан Мамырханұлы, мектеп инспекторы Қанаев Алмас, сонымен қатар бірнеше полиция қызметкерлері қатысты.  Семинарда Қарлығаш Меделбекқызы жасөспірімдер арасында  қылмыстың белең алуы туралы сөз қоғады, Алатау ауданы бойынша тіркеуде тұрған оқушылар туралы  статистикалық мәліметтерге  тоқталып өтті.  Райымхан Мамырханұлы өз кезегінде оқушылардың жасөспірімдерді  қылмыс жасауға итермелейтін факторларды тізіп, соңғы 3 жылда оқушылар арасында ұрлық, тонау, бұзақылық, алаяқтықтың көбейгенін атап өтті. Мектеп инспекторы Қанаев Алмас мырза  құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізу жұмыстарына кеңінен тоқталып, жасөспірімдерге қылмысқа итермелейтін жолдардан таса жүруін,  айтып өтті. Оқушылар тарапынан қонақтарға түрлі сұрақтар қойылып, кездесу қызықты әрі тартысты болып өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

Теги:
Семинар