«Еңсесі биік Алатау!» шығармалар байқауы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
қыркүйек
2018

«Еңсесі биік Алатау!» шығармалар байқауы

Асқарлы Алатаудың баурайында орналасқан Алатау ауданымыздың 10 жылдық мерейтойы аудан көлемінде аталып өтуде. Соның дәлелі Алатау аудандық білім бөлімі мен И.Қ. Мандоки атындағы № 154 ЖББ мектебінің бірлесіп өткізген «Еңсесі биік Алатау!» шығармалар байқауы. Бұл байқау шығарма жазу арқылы оқушылардың Отанға, елге деген патриот¬тық сезімін арттыру және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында өткізіліп отыр. Байқауға ауданымыздан 50-ден астам мектеп оқушылары қатысты. Байқауға қатысқан оқушылар жұмыстарының қорытындысы жасалып, сайыс жеңімпаздары анықталды. И.Қ. Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектепте байқаудың салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді. Атап айтар болсақ, №91, №152, №154, №156, №164, №171, №178, №179, №180, №182, №184, №185 жалпы білім беретін мектеп оқушылары жүлделі І, ІІ, ІІІ орынды қанжығаларына байлады.
Салтанатты жиынның соңы үлкен мерекелік концертке ұласты. Ең бірінші сахна төріне «Асқақтай бер, Алатауым» атты жас ақындар сайысында ІІ орынды иеленген № 154 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы Ергеш Индира мен «Үздік мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша марапатқа ие болған 2-сынып оқушысы Абсамат Заңғар 
«Көркеюмен келеді аудандары, 
Әрбір халық тұрғында бар таңдауы.
Алатау ауданында тұру деген,
Бәлкім болар кейбір адам арманы» - деп жас ақындарымыз өлең шумақтарын өрнектеді. 10-сынып оқушысы Тоқтасын Сағират «Қазағымсың» дәстүрлі әнін шырқаса, “Жұлдыздар” би тобы «Аспаптар» көркем биін тарту етті. Мектептің музыка пәнінің мұғалімі Аукенова Қарлығаш «Алматым жүрегімде» атты әнімен келген қонақтардың жүрегін жаулады. Абсамат Сырымның орындауындағы асқақтата шырқалған «Алатау» әні болашақта Алатау ауданымыздың қарыштап дами беретініне сенім ұялатып, жастардың бойына қанат бітіріп, рухы биіктеп, армандарға құлшыныс арттырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: