Қоғамдық гуманитарлық пәндер "Қазіргі сабақтың конструктивтілігі" тақырыбында аудандық семинар » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қоғамдық гуманитарлық пәндер "Қазіргі сабақтың конструктивтілігі" тақырыбында аудандық семинар
11
наурыз
2022

Қоғамдық гуманитарлық пәндер "Қазіргі сабақтың конструктивтілігі" тақырыбында аудандық семинар

11 наурыз 2022 жылы мектебімізде қоғамдық гуманитарлық пәндер "Қазіргі сабақтың конструктивтілігі" тақырыбында аудандық семинар өтті. Педагог-зерттеуші ұстаздар өз тәжірибелерімен сабақтың конструктивтілігінің маңыздылығын, түрлі дәрежедегі әдіс-тәсілдер арқылы призентация түрінде көрсетті. Білім алушылардың қызығушылығын арттыру мен білім сапасын арттыруды іске асыру жолдары тарқатылып айтылды. Бүгінгі таңда мектепте 33 педагог-зерттеуші білім береді. Бұл ұстаздар өздерінің тәжірибелерімен бөлісуді аптаның әр сенбі күндері мектеп қабырғасында танымдық сабақ ретінде жүргізіп отыр. Жас мамандарға "Көмек BOX" ұйымдастырылуда.Сонымен қатар "Төңкерілген сынып" оқушының өз бетінше дамуына ерекше әсер еткендігін ортаға салып, ұтымды тұстарын үйрету үстінде. Семинар аудан мектептерінің оқу ісі орынбасарлары тарапынан да мадақталып, алғыс білдірілді.
Аудандық семинарға атсалысқан №154 мектеп ұжымына АЛҒЫС білдіреміз!!!

@alatau_bilim_bolimi
@akmurzaevakarlygash
@kalamkaskalievna
@kuralbekova_nazira
@sabi.iz777

 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: