🌟«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің ашылуы🌟 » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
ақпан
2022

🌟«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің ашылуы🌟

01.02.22ж «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің ашылуы болды. Онкүндіктің мектепішілік ашылу салтанаты әр жеке сыныптар бойынша саптық жиын арқылы өткізілді.
Онкүндіктің мақсаты: оқушылар бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды дамыту, өмір сүру туралы дұрыс, жағымды көзқарас қалыптастыруға ықпал ету.
Сонымен қатар, «Жүректен жүрекке» тақырыбында мектеп бұрышы ұйымдастырылып, таңертеңгілік уақытта ұстаздар мен бастауыш сынып оқушыларына жалпыадамзаттық құндылықтарға байланысты әртүрлі сұрақтар қойылып, сүйіспеншілік жемісі ретінде алма жемісі ұсынылды.
Ал онлайн форматтағы балаларға арнайы бейнебаян әзірленіп таныстырылым өткізілді. Мектеп кітапханасымен біріге отырып, адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның еңбектерін, қайырымдылық істерін дәріптейтін «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып мектебіміздің бастауыш сыныптарының оқушыларына ақпарат берілді.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: