2022жылдағы мектеп ұжымының алғашқы онлайн жиналысы
2022жылдағы мектеп ұжымының алғашқы онлайн жиналысы
Бүгін, 15 қаңтар Алатау ауданы И.Қ.Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектептің директоры Алмасбаева Каламкас Калиевна және мектеп әкімшілігі, мектеп педагогтарымен онлайн жиналыс ұйымдастырып, өткізді.
Жиналыста қарастырылған мәселелер:
1. Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 13.01.2022 жылғы №1 қаулысы негізінде Алматы қаласының мектептері қашықтықтан оқыту форматына көшуіне орай, педагогтардың сабақ беруге дайындық жұмыстары;
2. Мектепте үшінші оқу тоқсанының басталу мерзімінің 10 қаңтар 2022 жылдан 17 қаңтар 2022 жыл өзгеруіне байланысты "Kundelik.kz" электронды журнал белгіленген тәртіппен толтырылуы;
3. Оқу жоспарының бағдарламасы, оқу мақсаттары ағымдағы жылғы 17 қаңтардан бастап үшінші тоқсанға арналған ұзақ мерзімдік жоспарға сәйкес толық көлемде оқытылу мақсатында тақырыптар оқу мақсаттарына сәйкес біріктірілуі;
4. Сынып жетекшілер сыныптағы білім алушылардың қашықтықтан оқыту форматы барысында сабаққа қатысуын қадағалауы;
5. Сынып жетекшілердің білім алушылардың оқу-тәрбие жүйесі бойынша сынып ата-аналарымен тығыз байланыста жұмыс жасауы.
Онлайн жиналысты мектеп директоры Алмасбаева Каламкас Калиевна бастап, әріқарай мектеп әкімшілігі тарапынан мұғалімдерге қарастырылған мәселелерді жіті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.