“Қашықтықтан оқыту технологиясын дамыту өркениетті қоғам сұранысы” атты 3- сыныптар апталығының онкүндігі
Алатау ауданы Иштван Қоңыр Мандоки атындағы №154 ЖББМ 07.12-15.12.2020 аралығында “Қашықтықтан оқыту технологиясын дамыту өркениетті қоғам сұранысы” атты 3- сыныптар апталығының онкүндігі өтілді.
МАҚСАТЫ: Жаңартылған білім беру мазмұнында жаңа технологиялар мен иновациялық тәсілдерді қолдану. Оқушыларды оқу үрдісіне белсене қатыстыра отырып, өз бетінше даму дағдысын меңгерту жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыту.
Апталық кезінде өткізілетін ашық сабақтар мен іс-шаралардың жоспары құрылып мектеп директорымен бекітілді. Апталық барысында ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар қашықтықтан оқыту форматына сәйкес жүргізілді.
Апталықтың жабылуына 3-сыныптар арасында «Қазақсан-жүрегім,Тәуелсіздік- тірегім» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізді. Жүргізушілер Оразбекова Гүлбаршын және Сырқабай Арайлым.Әр сыныптың дайындаған мәнерлеп оқу сайысын әділқазы алқалары бағалады.Ең соңында апталыққа белсене қатысқан оқушылар мадақтау қағаздарымен марапатталды.