Бастауыш сынып бірлестігі
Бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің
2016-2017 оқу жылының қорытынды есебі.
Бастауыш сынып әдістеме бірлестігі жұмысының тақырыбы:
«Бастауыш сыныптардың оқу тәрбие жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыра отырып,бәсекеге қабілетті шәкірт тәрбиелеу.»
Әдістемелік жұмыстың мақсаты:
Ақпараттық технология әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып,жан-жақты дамыған,ізденімпаз тұлға қалыптастыру.
Әдістемелік жұмыстың міндеттері:
1.Мемлекеттік стандарттың орындалуы.
2.Дарынды балалар орталығының жұмысын бір жүйеге келтіру.
3.Көмекті қажет ететін оқушылармен жұмысты жандандыру.
4.Мұғалімнің өз булумун көтеру,іс-тәжрибесін тарату.
5.Сабақты жүйелі түрде толыққанды дайындықпен өткізу.
6.Оқушыларға өзіндік ізденуге бағыт бағдар бере отырып,шығармашылыққа баулу
7.Ата-анамен бірлескен сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыра отырып,ата-анамен қарым-қатынасты нығайту.
Бастауыш мектеп-баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу,оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты.Жалпы адамның мектептегі білім алу кезеңі және тұтас педагогикалық үрдіс,сапалы нәтижеге жетуі үшін бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие үрдісі қазіргі заман талабына сай болуы шарт.Мектептегі кез-келген жаңарулар бастауыш мектептен басталады.Сондықтан бастауыш мектеп мұғаліміне қойылар талап пен жауапкершілік те салмақты.Осындай міндеттерді шешуде мұғалімдер қауымымен жүргізілетін іс-шаралар алдын ала ұйымдастырылып отыруы заман талабы деп түсінеміз.
Қазіргі таңда бастауыш сынып әдістеме бірлестігінде 43 ұстаз еңбек етеді.
Бастауыш сынып әдістеме бірлестігі мұғалімдерінің
санаты бойынша көрсеткіші.
жоғары санат |
І санат |
ІІ санат |
санатсыз |
2 |
7 |
14 |
17 |
Бастауыш сынып әдістеме бірлестігі мұғалімдерінің
білімі бойынша сапа көрсеткіші
Білімі |
2016-2017 оқу жылы |
Жоғары |
20 |
Арнаулы орта |
18 |
Аяқталмаған жоғары |
5 |
Бастауыш сынып әдістеме бірлестігі мұғалімдерінің
жас ерекшелігі бойынша көрсеткіші
№ |
Жас ерекшелігі |
2014 ж |
1 |
20-25 жас |
3 |
2 |
25-30 жас |
13 |
3 |
35-40 жас |
13 |
4 |
45-50 жас |
3 |
5 |
55-60 жас |
2 |
Бастауыш сынып әдістеме бірлестігі 2016-2017 оқу жылына жоспарланған жұмыстар өз уақытында өткізіліп отырды. Бастауыш сынып ұжымы нормативтік іс-құжаттармен,әдістемелік нұсқау хатпен таныстырылды.Жаңа оқу жылына жұмыс жоспарлары талқыланып,бекітілді.Әрбір сынып жетекшілері пән бойынша тақырыптық-күнтізбелік жоспарларын құрып,бекітілді.Пән мұғалімдеріне тиесілі міндеттер бөлінді.
Ұжымдағы жас мамандарға тәлімгерлер тағайындалып,жұмыс жоспарлары бекітілді. Бастауыш сынып бірлестігі бойынша оқу жылы барысында 8 мұғалім өз білімін жетілдіру курстарынан өтті.