«Тәртіп-тәрбие бастауы, Тәртіпсіздік-өміріңнің қас жауы» » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
маусым
2017

«Тәртіп-тәрбие бастауы, Тәртіпсіздік-өміріңнің қас жауы»

Мектебімізде кезектен тыс наурыз айының 16-сы күні «Тәртіп-тәрбие бастауы, Тәртіпсіздік-өміріңнің қас жауы» атты тақырыпта Алматы қалалық жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Алипбаева Лейла Аманбайқызы, Алатау аудандық Ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Баймұратов Нархоз Орынтайұлымен, Алатау ауданы Білім бөлімінің басшысы Ақмұрзаева Қарлығаш Медербекқызымен, және мектеп инспекторы Қанаев Алмас Жұманұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында Алматы қалалық жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Алипбаева Лейла Аманбайқызы оқушыларға жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары және сақтану жолдары туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, оқушыларға қазіргі таңдағы интернет желісіндегі қауіпті топтар туралы айтып өтті. «Сақтансаң, сақтаймын» дегендей бұл іске сіз болып, біз болып бірауыздан жауапкершілікпен қарап, өмір қауіпсіздігімізді сақтайық!» деп өз сөзін аяқтады.

Мектеп психологы Туғанбаева Гуля Қойшыбайқызы «Көктем мезгіліндегі жасөспірімдердің психологиялық өзгерістерге бейімделуі. Әр түрлы жаман әдеттерден сақтану жолдары» туралы баяндама оқыды.

Өз кезегінде Алатау аудандық Ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Баймұратов Нархоз Орынтайұлы балаларға ҚР Қылмыстық кодекстің баптарымен таныстырды. Соның ішінде ҚР Қылмыстық кодекстің 127 бабында «Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы. 1. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы-жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 13874 тенге. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет-жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға 39640 тг не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады» деп атап өтті.

Балаларға құқықбұзушылық туралы қысқа метражды видео көрсетілді. Видеода қаншама мән мағына көрсетілді. Видеода баланың құқықбұзушылыққа қалай барғандығы және сол үшін жаза алғандығы туралы айтылады.

Алатау ауданы Білім бөлімінің басшысы Ақмұрзаева Қарлығаш Медербекқызы оқушыларға осы бір қысқа метражды видео барысында  құқықбұзушылыққа бармау жолдарын атап өтті.

Сонымен қатар, мектеп инспекторы Қанаев Алмас Жұманұлы өз кезегінде Алатау ауданы бойынша кәмелеттік жасқа толмаған жасөсіпірімдердің арасында кешкі мезгілде рейд жүргізіліп жатқандығын оқушыларға ескіртіп өтті.

 

Кездесу барысында өз кезегінде мектеп директоры Алмасбаева Қаламқас Қалиқызына Жоғарыда аталған құқықбұзушылықтың алдын алу туралы толық баяндап жеткізуде жастар арасында тәртіп орнату, тұлғалардың дербес жауапкершілігін арттыру, қылмысты болдырмау жолдарын дамытып, жандандыру ол сіздермен біздің бірлесе отырып, жұмыс жасағанда ғана жүзеге аспақ. Сонда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар азайып балаларымыз құқылы, дербес орта өмір сүреді. Тағдыр таразысының қалай қарай ауатыны – бесіктің қалай тербелетіне байланысты дегендей, бүгінгі ұрпақ ертең мемлекеттің тұтқасын ұстар бір азамат. Сондықтан да білім алушы жастар Отанға деген сүйіспеншілік патриотизм, танымының заңдылықтарын игеру тиіс. Осыған орай ел президенті Н.Ә.Назарбаев «Бұл дүниеде біздің Отанымыз бар, ол біздің – тәуелсіз Қазақстан. Жастар туған мемлекетімізді баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне қызмет етуге парыздар» деген екен. Жігері жалын боп жанып, өрелі өрге талпынған бүгінгі белсенді жастар мемлекет еңсесінің биік тұғырының берік қалануына сүбелі үлес қосып жатса, қазақтығы қанында азаматтығы жанында буырқанған бөрі тәңірлі еліміздің рухының мықты екендігінің айғағы емес пе? Меже биік, межеден табылу – абырой. Ендеше, Жастар қоғамымыздың жүрек дүрсілі, өзегі. Есігінен енді аттап отырған жаңа ғасырда ұлтымыздың өсуі де, өшуі де жастарға тікелей байланысты» деп өз сөзін аяқтады. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: