«Сыбайлас жемқорлық алдын алу» семинар » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
маусым
2017

«Сыбайлас жемқорлық алдын алу» семинар

      Мектебімізде қаңтар айының 17-сі күні «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының «Сыбайлас жемқорлық алдын алу» тақырыбында семинар болып өтті. Семинарға Қазақстан Республикасы  қызмет істері жөніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Байузаков Асхат Кусаинович, мектеп мұғалімдері және «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері қатысты.

      Қазақстан Республикасының Президентінің  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасымен» мектеп директоры  Қ.Қ.Алмасбаева таныстырды. “Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағнасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. « Біз мүлде жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз.Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де аз ем ес. Ал шешімі күрделі мәседелер де бар. Ол-әлеуметтік мәселе.Бұл салада қоғам өмірінде түбегейлі шешімі  табылмай тұрған мәселе,ол-корруупция.Елімізде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық,бірақ бұл мәселе әлі толық шешімін тапқан жоқ.Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр.Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

    «Адал ұрпақ» еріктілер клубының құрылуы туралы «Адал ұрпақ» клубының жетекшісі Базарбаева Жазира сөз сөйледі.  Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру  бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясында тұлғаны бала кезінен патриотизм мен сыбайлас жемқорлықты  қабылдамау рухында тәрбиелеу туралы айтылған. Осыған орай   жалпы білім беретін мектептерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2016-2017 оқу жылында Алатау ауданы  әкімінің бірінші орынбасарының тапсырмасымен «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылды.  «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мақсаты мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы келесі секциялардан тұрады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-көпшілік іс-шаралар.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясы дәрістерді, «дөңгелек үстелдерді» және басқа да ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық секциясы үздік бейнероликтер, суреттер, шығармалар байқауы мен іс-шараларын ұйымдастыруға қатысады.

     Мәдени-бұқаралық іс-шаралар секциясы акциялар, флеш-мобтарды, диалог алаңдар, қоғамдық, ардагерлер ұйымдарының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен кездесулер және басқа да әлеуметтік-маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.

      Мектеп бойынша оқу жылының басында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының кешенді жылдық жоспары құрылып,  10 оқушы мүшелікке алынды.  Жоспарды негізге ала отырып, оқушыларды мектеп қабырғасынан азаматтылыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметті,  адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, еңбексүйгіштікке тәрбиелеудеміз.

     Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі министрліктің Алматы қаласы департаментінің бас маманы Байузаков Асхат Кусаинович «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау» тақырыбында баяндама оқыды.  Қазіргі таңда қоғам арасындағы сыбайлыс жемқорлықты түбегейлі жою мақсатында кезекті кездесулер өтіп жатыр. Өздеріңіз белетіндей Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2014 статегия қабылдаған болатын. 2015-2025 жылдар жемқорлықпен күресу жылы. Мұндағы мақсат сыбайлас  жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын жүргізу. Қазір жоғары оқу орыны, колледждерде, мектептерде  «Адал ұрпақ» ұйымы құрылып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әлі де семинар кеңестер, кездесулер, дөңгелек үстелдер, флешмобәр түрлі іс – шаралар өткізіліп жатыр.  Бұл ұйымды құрудағы мақсат  қоғамда , күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлыққа байланысты кездесетін жағдайлар болады.Сол кездерде біз өзіміздің құқығымызды білуіміз қажет болады. Біз біреудің айтқанына ілеспей, өз құқығымызды дәлелдеп үйренуіміз керек.  Жемқорлықтың жетегінде кеткен жағдайда адам өзімен ғана қоймай туған- туыс, бауырларының да өміріне балта шабады десек болады. Өйткені ұсталған жағдайда Заң жүзінде жауапқа тартылып, хаттама толтырылады.  Осындай жағдайға кездескен жағдайда 150 сенім телефонына қоңырау шалып, айтуға болатындығын айта өтті.

   Келесі  сұрақ – жауап кезеңіне берілді. Мектеп ұстаздары және оқушылар келген қонаққа сұрақтарын қойды.

Оқушы, мысалға мен өзімді алатын болсам, сабақ беретін болмаса сынып жетекшіме құрмет ретінде гүл шоқтарын сыйласам жемқорлыққа жатады ма?

 Сыбайлас жемқорлықты қалай  жоюға болады?

 

Сонымен қатар, мектеп ұстаздары мен оқушыларына «Сыбайлас жемқорлықты жою» мақсатында видеоролик көрсетілді. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: