Студенттер арасында волейболдан турнир өтті » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
қараша
2018

Студенттер арасында волейболдан турнир өтті

Студенттер арасында волейболдан турнир өтті

«Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ және Л.Б. Гончаров атындағы қазақ автомобиль-жол академиясының ұйымдастыруымен аталмыш академия студенттерінің арасында волейболдан турнир өтті. Турнирдің өтуіне аудандық Саяси Кеңес мүшесі, №154 ЖББМ директоры Каламкас Алмасбаева қолдау көрсетті.

№154 мектебінің өнерлі бишілерінен құралған «Жұлдыздар» би тобы жарыстың шымылдығын өздерінің керемет «Кавказ» биімен ашып берді. Турнирге жалпы жаны 6 команда қатысты. Жарыстың негізгі мақсаты – жастарды синтетикалық есірткіден аулақ ұстау және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Жарыс барысында қатысушы командалар жеңіс үшін қолдарынан келгенін аянып қалған жоқ. Әр команда өз дайындықтарын, ойнау стильдерін көрсетіп жатты. Ойын талас пен тартысқа толы жағдайда өтті.

Турнир қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шыққан КазАЖА университетінің «ОПД-16» командасы 1 орынға ие болды. Жүлделі 2 және 3 орындарды тиісінше «ОПД-18» және «ТС-18» командалары иеленді. Сонымен қатар, «ОПД-18» командасынан Түймебай Ерқанат жарыстың «ең үздік ойыншысы» атанса, «ОПД-18» командасынан Мұратхан Ербол «үздік капитан» атағына лайықты болды.

Турнир соңында аудандық «Жас Отан» ЖҚ-ың төрағасы Даукен Ергазин, Мұхаммедәлі Ермек және «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының консультанты Қордай Есенбай жеңімпаздарды кубокпен және дипломдармен марапттады.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: